БІЛІКТІЛІГІ
0105000-Бастауышта білім беру мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Елдің Ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу;
- Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, төмендегі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті бастауыш білім беру педагогын даярлау:
- педагогикалық үдерісті жобалау және ұйымдастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының субъективті іс-әрекетін ұйымдастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру және дамыту үдерісін басқару;
- бастауыш сынып оқушыларының жалпы мәдениетін қалыптастыру бағыттары бойынша қамтамасыз ету және құзыретті бакалавр дайындаудың құқықтық-нормативті негіздерін анықтау.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Білімі:
- бастауыш мектептің педагогикасы мен этнопедагогиканың ұғымдары және әдіснамалық негіздерін игереді;
- 6 жасар балалардың тұлғалық дамуы және қалыптасу заңдылықтарын меңгереді;
- кіші мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық негізгі заңдылықтары мен дамуы жайлы мағлұмат алады;
- мектептегі оқуға баланың дайындығының мониторингінің ғылыми – теориялық негіздерін игереді;
- қазіргі қолданыстағы бастауыш білімнің стандарты, оқу бағдарламалары, және оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнын меңгереді;
- оқытатын пәндердің теориялық негіздерін; оқытатын пәндердің мақсаты мен міндеттері; бастауыш мектептің қазіргі кезеңдегі дамуы жайлы мағлұмат алады;
- бастауыш сыныптардағы оқу пәндерінің оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін игереді.
Қолдана білуі:
- компьютерлік және коммуникативті сауаттылығы болуы керек;
- кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық және сыни ойлауын дамытуға арналған сабақтарды ұйымдастыру және өткізе алуы керек;
- бастауыш мектептің педагогикалық процесінде инновациялық технологияларды пайдалануы керек.
Біліктілігі:
- педагогикалық әрекетті үлгілеу, педагогикалық қызметте рефлексияны
- жүзеге асыру, мақсатты қоя білу, педагогикалық диагностика жүргізу; оқыту және тәрбиелеу үдерісін құруды жүзеге асыруы керек;
- оқу-танымдық әрекетті оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастыра білуі керек;
- оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологиясын пайдалануы керек;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың оқу танымдық мотивациясының негізінде түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруы қажет;
Құзіреттілігі:
- оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастырады;
- кіші мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттерінің
- мониторнигін жасайды;
- рухани-адамгершілік, патриоттық, экологиялық және оқушылардың денсаулығын сақтайтын тәрбиені ұйымдастырады және өткізеді.