Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Educational Department

Educational Department

Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиеленуі, білім алу және жан-жақты қалыптасуы, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.

Тәрбиенің мақсаты

Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасындағы балалардың, және білімгерлердің Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы – ол өз Отанын, елін құрметтейтін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие үдерісін ұйымдастыруды кешенді түрде қарау.

Оқу орнымыздың тәрбие және ұйымдастыру бағыты бойынша жұмыс атқаратын барлық бөлімдердің, топ тәлімгерлері сапалы әрі патриоттық тәрбие беру бағыты бойынша, жастар саясаты саласында әлеуметтік-саяси, экономикалық, этносаралық байланысты дұрыс қалыптастыру және мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған іс-шараларды өткізуге.



Тәрбие жұмысының негізгі 12 бағыты

  • Тәрбие жұмысының негізгі 12 бағыты
  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
  • Рухани – адамгершілік тәрбиесі
  • Отбасы тәрбиесі
  • Өзін – өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
  • Әлеуметтік мәнді және жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
  • Экологиялық тәрбие
  • Эстетикалық тәрбие
  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру
  • Еңбек және экономикалық тәрбие
  • Кәсіби шығармашылық тәрбие
  • Интеллектуальді мәдениетті қалыптастыру

Іс-шаралар