Кентау Гуманитарлық Техникалық Колледжі

^Back To Top

logo

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Түркістан облысы, Кентау қаласы Абай даңғылы 15 б мекен-жайда  орналасқан . 2018  жылдын  қазан  айынан бастап жұмыс істейді.
Ғимарат - 2 қабатты, 1 ғимараттан тұрады.
Жоба қуаттылығы- 100 орын.
Оқыту тілі-мемлекеттік тіл және орыс тілі.
Балабақшаның жұмыс уақыты: 8.00 – ден 18.00 дейін.
Балалар үшін музыка залы, дене шынықтыру залы, медициналық кабинет, әдістемелік кабинет  жұмыс жүргізеді. Балалардың жас ерекшелігіне, заман талабына сай жабдықталған 4 топ жұмыс істеуде. ЖШС «Еркеназ балабақшасы» оқыту мен тәрбиелеу жұмысын ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 2018 жылғы 31 қазан, № 604 қаулысы талаптарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша орындалуда.
Балабақша аптасына 5 күн, сағат 8.00-18.00 дейін жұмыс істейді.
Жалпы педагог саны-6:
6 техникалық қызметкерлер жұмыс істейді.
Күн режимі және балалардың тамақтану барысы үнемі ретті. Жұқпалы аурулардан сақтану, болдырмау шаралары және шынықтыру-сауықтыру жұмысы жоспарлы жүргізілуде. Емдік жұмыстары дәрігердің нұсқауымен жүргізіледі. Балалармен фитотерапия, оксалин майын мұрынға жағу, жеміс-жидек беру үнемі жүргізіліп тұрады. Балабақша медбикесі шынығу жұмыстары бойынша бақылау жүргізіп отырады. Ата-аналарға да пайдалы кеңестер беріп тұрады. Балабақша қызметкерлерін үнемі,уақытылы медициналық тексеруден өткізіп отырады
Оқу тәрбие жұмыстарында сиқырлы қалам, жеке және дербес жұмыстар, интерактивті оқыту шараларын пайдаланып отырамыз. Дамытушы ойындар, дидактикалық, мазмұнды-рөлдік, ермек ойындары, драмалық ойындар, қимылды, ұлттық, музыкалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын, шығармашылығын дамытамыз.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі қызметтерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру саласына негізделген. Әр білім саласының балалардың дамуына қойылатын талаптары мен мақсаттары берілген.
Ата-аналармен бірлескен мәдени шаралар, түрлі тәрбие жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отырады. Жеке тұлғаны дамыту, шығармашылық қабілетін ашу мақсатындағы барлық іс- шаралар баланың тілін дамытуға, танымдарын кеңейтуге бағытталған.
Педагогикалық ұжым әрдайым ізденісте, инновациялық жаңалықтарға құмар, өз тәжірибелерінде жаңа технологияларды қолдана отырып, заман талабына сай интернет желісімен жұмыс жасайды. Балабақшада тәрбиеленушілердің білім сапасын жетілдіру мониторингі тоқсан сайын бақыланып, жүргізіліп отырады. Педагогтармен ай сайын кеңес, семинар өткізіледі.
Балабақша ұжымы Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы даму стратегиясына баса назар аударып, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге озат тәжірибені кеңінен пайдалануға, жұмыс барысында әдістемелік тұрғыдан оқыту әдістерін саналықпен меңгеруге ерекше көңіл бөлуде. Балабақшамызда мерекелік іс-шаралар өз мәнінде өткізіледі.

 

Біздің ерекшеліктеріміз

    М.Монтессори методикасы арқылы балаларды дамыту;

    Ағылшын тілін тереңдетіп меңгерту;

    Дидактикалық, қозғалмалы және дамыту ойындарын ғылыми негізделген методикада ұйымдастыру;

    Дене дамуына арналған гимнастикалық зал;

    «Балабақша – колледж» дуальды оқыту жүйесіндегі педагогикалық бірлескен қызмет;

    Робототехника  заманауи инновациялық технологиялардың бірі;

    Құм терепиясы

    Erkenaz 3
    Erkenaz 1
    Erkenaz 2
    Erkenaz 4
    Erkenaz 5
    Erkenaz 6
         

     

    sn1aorel

     

Copyrigcht © 2020 wwww.kgtk.kz