^Back To Top
Шифр – мамандықтың атауы:
0101000-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.
Біліктілігі:
0101013–Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі.
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі:
9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай.
11 сыныптан соң 2 жыл 10ай.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің түрлері мен типтері.
Кәсіби қызметінің пәні:
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдары.
Кәсіби қызметінің түрлері:
Білім беру (педагогикалық) – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру; мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық процесті басқару; диагностикалау, түзету, педагогикалық қызмет нәтижесін жобалау, мектепке дейінгі білім беу аймағындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелерді тарату;
эксперименттік-зерттеушілік;
ұйымдастыру- басқарушылық;
әлеуметтік-педагогикалық;
оқу-технологиялық.
Міндеттері:
— баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
— мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын
Қамтамасыз ету;
— балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік
дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
— әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша
мониторингті ұйымдастыру;
— мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:
— мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға,оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
— баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
— балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту
міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
— мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |