Кентау Гуманитарлық Техникалық Колледжі

^Back To Top

logo

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Usen 1

Рахмет Үсенбек Рахметұлы, 1958 жылы 6 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Н.Бегежанов ауылында дүниеге келген.
1975 жылы  № 156 Н.Бегежанов  атындағы орта мектепті бітіріп, сол ауылда еңбек етіп, 1976-1978 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1978 жылдан 1979 жылдың қыркүйегіне дейін туған ауылында механизатор болып еңбек етіп, 1979 жылдан 1984 жылға дейін Қызылорда педагогикалық институтында оқып, оны «үздік» белгімен бітіріп шықты.
Педагогикалық еңбек жолы 1984 -1987 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтының «Психология және педагогика» кафедрасында оқытушы болып қызмет жасаудан басталды.
1987 жылдан 1989 жылға дейін Мәскеу мемелекеттік педагогикалық университетінде ғылыми зерттеу тағылымдамасынан өтіп, ал 1989-1992 жылдары осы университеттің күндізгі оқыту формасы бойынша аспирантурада оқыды.         1992 жылы Мәскеу мемелекеттік педагогикалық университетінде мерзімінен бұрын мектеп педагогикасының проблемасы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
1992 жылдан 1995 жылға дейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, аға оқытушы, декан орынбасары, кафедра маңгерушісі қызметтерін атқарып, 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде Ғылыми Кеңес хатшысы, кафедра доценті қызметтерін атқарып, еңбек етті.
1999 жылы жоғары білім берудің жаңа технологиясы – қашықтан оқыту технологиясын енгізген  Ресей-Қазақстан  Қазіргі заман гуманитарлық университетінің Түркістан филиалының директоры, 2002 жылы Қазақ-Өзбек Инженерлік гуманитарлық университетінің Түркістан филиалының директоры қызметтерін атқарды.
Одан кейінгі жылдары Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен қол үзбей еңбек ете жүріп, 2007 жылы «Кентау гуманитарлық техникалық колледжінің» (бұрынғы «Яссы» колледжі) құрылтайшысы ретінде орта кәсіби мамандар дайындайтын оқу орнын ашып, жастарға техникалық және кәсіптік білім беруге жағдай жасап келеді. Бүгінде колледж Кентау қаласының әлеуметтік экономикалық өмірінде сұранысқа ие мамандар дайындауда өзіндік орны бар оқу орнына айналған. Колледж ұясынан ұшқан 500-ге тарта түлектің қала, облыс, республика көлемінде түрлі өндіріс ошақтарында өз орнын тауып, жұмыс істеп жүргендігі соның дәлелі.
Қазір Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Кентау институтының директоры қызметін атқаруда.
Бүгінгі таңға 70-қа тарта алыс,  жақын шетелдерде және отандық басылымдарда ғылыми педагогикалық мақалалары жарық көрді. Оның ішінде 10-нан аса ғылыми мақала, Thomson Reuters, Scopus деректер базасында АҚШ, Египет, Жапония, Австрия, Туркия елдерінің басылымдарында жарыққа шықты. Сонымен қатар 2 оқу-әдістемелік құрал, 1 монографиялық еңбектің авторы. Облыстық «Нұр Отан» партиясының Кентау қалалық филиалы бақылау комиссиясы, Кентау қалалық қоғамдың кеңесінің мүшесі.
Марапаттаулар: Қазақстан Республикасы Нұр Отан партиясы төрағасы Н.Назарбаевтың алғыс хаты (2016),Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (2018),  Қазақстан Республикасы бiлiм беру құрметтi қызметкерi (2019), облыс, қала және университет басшылығының марапаттаулары мен медальдары бар.
Бүгінде 5 қыз, 2 ұлдың әкесі.

Usen 2 Usen 3 Usen 4
Usen 4
Usen 6
Usen 7
Usen 8 Usen 9 Usen 10

 

sn1aorel
Copyrigcht © 2020 wwww.kgtk.kz