Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Киім дизайны

Киім дизайны

  • Мамандық атауы:
  • 02120200- Киім дизайны
  • Біліктілігі:
  • 4S02120203- Киім дизайнері
    3W02120201- Техникалық және көркемдік эскиздерді орындаушы

  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 2 жыл 10 ай

Кәсіби қызметінің саласы:

02120200- Киім дизайны мамандығы бойынша білім алған мамандар сәулет өнерінің үзінділерін, экспозицияларды, ішкі көріністерді, өндірістік және тұрмыстық заттарды, сырттай бейнелеу коммуникациясы, жарнамаларды жобалауға және көркемдеу жұмыстарын орындауға мамандалады. Мамандықтары бойынша сәйкес келетін шығармашылық жобалау кәсіпорындарында жұмыс істеуге дайындалады.

Мамандықтың сипаттамасы:

Қазіргі заманғы сән үрдістеріне сәйкес келетін киімді жобалаумен және құрастырумен айналысады.

  • Түлек білуі керек:
  • киім стилизациясын;
  • заманауи беталыс;
  • тігін бұйымдарының технологиялық дайындықтарын;
  • өлшем белгілерін және адам денесінің антропомерлік амалдар арқылы өлшеуін;
  • Киім құрылымының әдістемесі;
  • Әйел және ер адам киім үлгісі құрылымының ерекшелігі.
  • Нобай, фор-эскиздерді орындағанда рационалды техниканы таңдай білу;
  • Тігін бұйымдарын әр түрлі сәндеп көркемдеу;
  • Ілмелеу әдісімен қалыпты дайындау.