Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

  • Мамандық атауы:
  • 01140100-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Біліктілігі:
  • 4S01140101-Бастауыш білім беру мұғалімі
    4S01140102-Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 2 жыл 10 ай
Директор

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

• Елдің Ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу;
• Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, төмендегі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті бастауыш білім беру педагогын даярлау: • педагогикалық үдерісті жобалау және ұйымдастыру;
• бастауыш сынып оқушыларының субъективті іс-әрекетін ұйымдастыру;
• бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру және дамыту үдерісін басқару;
• бастауыш сынып оқушыларының жалпы мәдениетін қалыптастыру бағыттары бойынша қамтамасыз ету және құзыретті бакалавр дайындаудың құқықтық-нормативті негіздерін анықтау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

бастауыш мектептің педагогикасы мен этнопедагогиканың ұғымдары және әдіснамалық негіздерін игереді;
6 жасар балалардың тұлғалық дамуы және қалыптасу заңдылықтарын меңгереді;
кіші мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық негізгі заңдылықтары мен дамуы жайлы мағлұмат алады;
мектептегі оқуға баланың дайындығының мониторингінің ғылыми – теориялық негіздерін игереді;
қазіргі қолданыстағы бастауыш білімнің стандарты, оқу бағдарламалары, және оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнын меңгереді;
оқытатын пәндердің теориялық негіздерін; оқытатын пәндердің мақсаты мен міндеттері; бастауыш мектептің қазіргі кезеңдегі дамуы жайлы мағлұмат алады;
бастауыш сыныптардағы оқу пәндерінің оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін игереді.

Қолдана білуі:

компьютерлік және коммуникативті сауаттылығы болуы керек;
кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық және сыни ойлауын дамытуға арналған сабақтарды ұйымдастыру және өткізе алуы керек;
бастауыш мектептің педагогикалық процесінде инновациялық технологияларды пайдалануы керек.

Біліктілігі:

педагогикалық әрекетті үлгілеу, педагогикалық қызметте рефлексияны жүзеге асыру, мақсатты қоя білу, педагогикалық диагностика жүргізу; оқыту және тәрбиелеу үдерісін құруды жүзеге асыруы керек;
оқу-танымдық әрекетті оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастыра білуі керек; оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологиясын пайдалануы керек;
сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың оқу танымдық мотивациясының негізінде түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруы қажет;

Құзіреттілігі:

оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастырады;
кіші мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттерінің мониторнигін жасайды;
рухани-адамгершілік, патриоттық, экологиялық және оқушылардың денсаулығын сақтайтын тәрбиені ұйымдастырады және өткізеді.