Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

  • Мамандық атауы:
  • 06120100- Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
  • Біліктілігі:
  • 3W06120101- Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 2 жыл 10 ай

Мамандық сипаттамасы

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының түлектеріне берілетін білімнің басты артықшылықтарына мынадай ерекшеліктерді білу жатады:Аппаратты- бағдарламалық кешендердің сәулетін және қолданушы интерфейсін ұйымдастырудың негізгі принциптерін жобалау, кәсіби іс-шаралар сұрақтарын тиімді шешу үшін өңдеу үдерісін ұйымдастыру және бағдарламалық қамтамасыз етуді құру кезінде инструменттік, бағдарламалық технологияларды және есептеу техникасының жабдықтарын таңдау, есептеу жүйелерін, кешендерін және желілерін құру барысында аппаратты және бағдарламалық жабдықтарды кешендеу әдістері мен тәсілдерін қолдану, есептеу техникасы және компьютерлік жүйелердің жүйелік, инструменталды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді баптау және оларға қызмет көрсету, бағдарламалық өнімдерді қолдау және оларды ақпаратты өңдеу және басқару үдерісінде әр түрлі есептерді шешу үшін қолдану.

Бұл мамандықты бітірушілердің негізгі дағдылары:

• ғылым, техника, экономика және өндірістің әртүрлі салаларында бағдарламаларды әзірлеп, қолдау, аппараттық құралдарды орнату және жөндеу, дерекқорлар мен веб-сайттарды жасау;
• компьютерлік жүйелерді модельдеу, зерттеу және жобалау және оларды өңдеу және басқарудың кіші жүйелері үшін заманауи бағдарламалау тілдерін қолданады.
Білім беру бағдарламасы еңбек нарығында IT-мамандарға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес әзірленген. Жұмыс берушілердің айтуынша, білім беру бағдарламасы бағдарламалық жасақтаманы, әкімшілік етуді және тестілеуді білетін мамандарды даярлауға бағытталған:
• болашақта компьютерлік бағдарламашылар мен автоматтандырылған жүйелердің бағдарламашыларында негізгі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру;
• ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, кәсіби қызметтегі отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу және жинақтау.