Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Информатика

Информатика

  • Мамандық атауы:
  • 01140700 – Информатика
  • Біліктілігі:
  • 4S01140701 – Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 2 жыл 10ай

Қазіргі уақытта адам өмірін есептеуіш техника құралдарынсыз елестету қиын. Компьютер еңбекті жеңілдетеді, бос уақытты толтырады, уақытты үнемдейді жəне алыс арақашықтықты қысқартады, есептейді, жазады, ақпаратты сақтайды ғаламтор арқылы бүкіл əлеммен тілдесуге жол ашады. Бүгінгі таңда компьютер арқылы көркем туындылар жасалынады, музыкалар жазылады жəне кинофильмдер түсіріледі. Компьютер ғылыми аспаптан тұрмыстық техникаға айналады, ал онымен жұмыс жасау дағдысы мектеп оқушыларынан бастап үлкен жастағы адамдарды да баулиды.Біздің балаларымыздың ертеңгі күні — бұл ақпараттық қоғам. Компьютермен жұмыс жасау, толықтыру, қисындау жəне керек ақпаратты іздей білу қажет. Жылдан жылға өздерінің дербес компьютерлері бар оқушылардың саны артуда. Балалардың компьютердің мүмкіндіктерімен танысуы үлкендердің басшылығымен болғаны дұрыс (ата-ананың немесе мұғалімнің). Бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттатағанда көп жаңалықты ашу керек болатын білім əлеміне түседі. Əрбір бастауыш сынып мұғалімі баланы шығармашылық үдеріске тартудың тиімді жолдарын білуі қажет.

Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі

• бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
• ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
• бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мəдениетін қалыптастыра отырып, əлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау .
Бастауыш мектепте кез келген пəнді оқыту жалпы бастауыш сыныптың мақсатына сəйкес болуы жəне өзінің пəндік шеңберінде бастауыш білім берудің ортақ міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс. Бастауыш мектепте жалпы білім алу білімді игеру деңгейі кейінгі оқу процесі кезінде табысты болуды қамтамасыз ететін шеберлік пен дағдының құрылымы болып табылады.

Бұл мамандықты бітірушілердің негізгі дағдылары:

• бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
• ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
• бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мəдениетін қалыптастыра отырып, əлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау .