Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Графикалық және мультимедиялық дизайн

Графикалық және мультимедиялық дизайн

  • Мамандық атауы:
  • 02110300 - Графикалық және мультимедиялық дизайн
  • Біліктілігі:
  • 4S02110304 - Графикалық дизайнер
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 2 жыл 10 ай

Мамандық сипаттамасы

Кәсіби қызмет аясы: дизайнерлік және архитектуралық кешендер, фирмалар. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар: мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын игеру нәтижесінде білім алушылар мамандықтың біліктілік деңгейлеріне тиісті базалық және кәсіптік құзыреттерді игеруі тиіс (орта буын маманы).

Дизайнер – Орта буын маманының базалық компетенциясы:

Болашақ өз мамандығынын мәнін және әлеуметтік керектігін түсініп, сол мамандығына деген нақты қызығушылығың арттыру;
Экологиялық, құқықтық, ақпараттық және қарым-қатынастық мәдени білімді, сондай-ақ мемлекеттік және шетел тілдерін білу арқылы қарым-қатынасты дамыту;
Жауапкершілікті талаптау, кәсіби қызметіндегі мәселелердің шешімін таба білу;
Өз еңбектерің ғылыми ұйымдастыру қабілетінің болуы және кәсіби қызмет саласында заманауи компьютерлік техникаларды қолдана білу;
Әріптестермен өзара тіл табыса білу және әрқашан оң көзқараста болу;
Әрқашан кәсіби деңгейде өсуге дайын болу, білімің толықтырып, дамытып отыру;
Жұмысты біліктілігі жоғары маманның жетекшілігімен орындау;
Өзіндік ойлауын, техникалық және шексіз ойлауын, өзгеге ықпал етуін, проблемаларды шешуге қабілеттілігін, өзін, өзгені бағалау қабілеттілігін көрсету;
Кәсіптік қызметінде кәсіпкерлік қызмет негіздерін және кәсіпкерліктің ерекшеліктерін білу

  • Дизайнер – Орта буын маманының кәсіби компетенциясы:
  • Әр түрлі техникада интерьер нобайларын орындап шығу;
  • Эргономиканы, түстік колорларды қолдана отырып дизайн-жобаны жасап шығару;
  • Көрсету сызбаларын, интерьер перспективасын дұрыс көрсете білу жолдарын қолдану;
  • Интерьерде заманауи құрылымдарды қолдану керек;
  • Экологиялық таза материалдардан жобалар жасап шығару;
  • Интерьер макеттерін жасап шығару;
  • Эргономика, колористика ұстанымдарын пайдалана отырып дизайн жобаларын жасау;
  • Фирмалық стиль жасап шығу;
  • Кітаптар макетін, оның ішінің суреттелуінің, әріптердің дұрыс орналасуын жетілдіріп шығару;
  • Гравюраны орындау.