Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

  • Мамандық атауы:
  • 01120100 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
  • Біліктілігі:
  • 4S01120102 – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі
    3W01120101 – Тәрбиешінің көмекшісі
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 2 жыл 10ай

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

• Елдің Ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу;

• Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары мектепке дейінгі мамандарды даярлау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

• мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері мен категорияларын; даму заңдылықтарын және мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік қалыптасуын; мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігін, анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын меңгереді;
• көп мәдениетті қоғамдағы педагогикалық әрекеттерді ұйымдастырудың теориялық негізін; мәдени, діни және ұлттық ерекшеліктері жайлы мағлұмат алады;
• баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығының, психологиялық диагностикалаудың теориялық және практикалық негіздерін игереді;
• жеке әдістемелердің теориялық негіздері, олардың қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі білім дамуындағы мақсаты мен міндеттерін меңгереді;
• қолданыстағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандартының мазмұнын және құрылымын, білім беру бағдарламаларын, әдістемелік құралдарды игереді;
• қазіргі білім беру технологияларын, халықаралық және отандық мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту тәжірибелерін үйренеді;
• бір жастан 6 жасқа дейінгі балалардың құзыретінің даму индикаторларының мазмұнын меңгереді; • мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесіне ата-аналарды тартудың инновациялық түрлері мен әдістерін үйренеді.

Қолдана білуі:

• компьютерлік сауаттылық, тілінің дамуы, мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынасты ұйымдастыру, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық процесте инновациялық технологияны қолдануы керек;
• тұлғаға бағдарланған оқыту жағдайында (бала-ата-ана-тәрбиеші) үштік субъективті қатынаста педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыруы керек;
• мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене тәрбиесін жүзеге асыруы керек;
• педагогикалық процеске және қызметіне рефлексия жасауды, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруы керек.

Біліктілігі:

• мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелік-білімділік процесті жобалау, педагогикалық қызмет рефлексиясын жүзеге асыруы керек;
• жас және ерекшелігіне сәйкес мектепке дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруы керек;
• балалардың денсаулық жағдайын және дамуын ескеруге даралап қарау тұғыры негізінде әрбір баланың дарынын, қабілетін, дағдысын белгілеуі және дамытуы керек;
• мектеп жасына дейінгі балалардың топтық, тұлғааралық өзара әрекетін ұйымдастыруы керек; • мектепке дейінгі балалардың шығармашылық, танымдық, дербес әрекетін дамыту үшін пәндік дамытушылық орта құруы керек;
• мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста денсаулық сақтау технологиясын қолдануы керек; • мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесіне инновация енгізу нәтижесін талдауы және бағалауы керек.

Құзіреттілігі:

• мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттігін қалыптастырады. (денсаулық, танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, шығармашылық);
• мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту және айқындайды; • ақпараттық және инновациялық-педагогикалық технологияларды қолданады;
• өзіндік танымдық әрекеті аясында, баламалы мәселелерді шешуде оңтайлы таңдау жасауды қамтамасыз етеді;
• әлеуметтік-еңбек саласында, еңбек нарығын талдау дағдысын, өзіндік кәсіби мүмкіндіктерін бағалау, еңбек қарым-қатынасты этикасы мен нормасына бағдарланады.