«Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі» (бұрынғы «Яссы колледжі» облысымыздағы материалдық-техникалық базасы қалыптасқан сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан оқу орындарының бірі.
2008 жылы құрылып алғашқы талапкерлеріне білім қақпасын айқара ашқан күнен бері колледжіміз Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын дайындау жөніндегі идеяларын жүзеге асыруға белснгді түрде қатысып келеді. Колледж жұмысының оңтайлы және орайлы ұйымдастырылуының бір дәлелі – ол 2014 жылдың сәуір айындағы мемлекеттік аттестациядан ойдағыдай өтті.Сондай –ақ жыл сайын бітіруші студенттермен өткізілетін тәуелсіз тестілік бағалау нәтиежелері де біздің студенттеріміздің алған білімдерінің мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес екенін дәлелдеді.
Әрине, бұл сандар колледждің педагогикалық ұжымның бірлігін нығайтып, нәтиежелерге қол жеткізуге деген ынтасын күшейте түсті. Осы жылдар ішінде колледжді 722 бітіруші табысты аяқтады. Оның 43-і үздік дипломмен бітірді. Олардың көпшілігі еліміздің түпкір-түпкірінде өндірісте еңбек етіп жатса, едәуір бөлігі жоғарғы оқу орындарында білмдерін жалғастыруда. Колледжді үздік белгіге бітірген Кремнев Павел Ресейдің Новосибирск қаласындағы ДиСИГМА-ДИЗАЙН құрлыс-дизайн компаниясында, Жукова Наталья Мәскеуде еңбек етуде, Тұрсынхан Толқын Астанада балабақша әдіскері.
Оқу мен тәрбие – ажыратылмас егіз үрдіс. Колледждің тәлімгерлер кеңесінің белді мүшелері — оқытушылар, жастарды тәрбиелеуде және олардың тұлғалық сапаларын қалыптастыруда сан қырлы тәрбиелік іс – шаралар ұйымдастырып өткізумен қатар қала, обылыс көлеміндегі бұқаралық, мәдени-көпшілік іс-шараларға үлкен белсенділікпен қатысып келеді. Сонымен қатар колледж 2015 оқу жылында Республикалық бюджеттен -49 орын, ал 2018 оқу жылынан бастап жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырыстан -125 орын, 2019 оқу жылында -150 орын және 2020 оқу жылында -75 орынға ие болып келеді.
Колледжде ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру да ерекше жолға койылған. Колледж 2015жылдың сәуір айының 18 жұлдызында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясындағы қазақ хандығының тарихы атты аймақтық ғылыми – теориялық коференциясын, 19 мамыр 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Білім беру жүйесіндегі иноватциялар мен ізденістер» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференциясын өткізіп, ғылыми білімдерді жинақтап, талдау жасаған болса, 2019 жылы конференцияға 70-тен аса ғылыми мақалалар келіп түсті. Оның ішінде Ресей Федерациясынан: Москва, Белгород, Карачаево-Черкесиядан, Туркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Монголия елдерінен,алқалған ғылыми мақалалар- Қазақстан Республикасының түпкір-түпкірінен, жоғарғы оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары –колледждерден жіне жалпы орта білім беретін мектептермен лицейлерден түсіп олардың бірсыпыра пленарлық жіне секция отырыстарында тыңдалды. Үш секция бойынша ұйымдастырылған бұл конференция қызу пікір таласқа, терең талдау мен пайдалы ой алмасуларға толы болды.