Құрылтайшы

Рахмет Үсенбек Рахметұлы

Рахмет Үсенбек Рахметұлы

1958 жылыдың 6 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Н.Бекежанов ауылында дүниеге келген.

1975 жылы № 156 Н.Бекежанов атындағы орта мектепті бітіріп, сол ауылда еңбек етіп, 1976-1978 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етеді. Ал, 1978 жылдан 1979 жылдың қыркүйегіне дейін туған ауылында механизатор болып еңбек етіп, 1979 жылдан 1984 жылға дейін Қызылорда педагогикалық институтында оқуға түсіп, оны «үздік» белгімен бітіріп шығады.

Педагогикалық еңбек жолын 1984 -1987 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтының «Психология және педагогика» кафедрасында оқытушы болып қызмет жасаудан бастайды.

1987 жылдан 1989 жылға дейін Мәскеу мемелекеттік педагогикалық университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтіп, ал 1989-1992 жылдары осы университеттің күндізгі оқыту формасы бойынша аспирантурада оқиды. 1992 жылы Мәскеу мемелекеттік педагогикалық университетінде мерзімінен бұрын жоғары мектеп педагогикасының проблемасы бойынша кандидаттық диссертация қорғайды.

1992 жылдан 1995 жылға дейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, аға оқытушы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарып, 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде ғылыми хатшы, кафедра доценті қызметтерін атқарып, еңбек етеді.

1999 жылы жоғары білім берудің жаңа технологиясы – қашықтан оқыту технологиясын енгізген Ресей-Қазақстан Қазіргі заман гуманитарлық университетінің Түркістан филиалының директоры, 2002 жылы Қазақ-Өзбек Инженерлік гуманитарлық университетінің Түркістан филиалының директоры, ал 2004-2007 жылдары гуманитарлық педагогикалық институтының құрылтайшысы, ректоры қызметтерін атқарады.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен қол үзбей еңбек ете жүріп, 2007 жылы өзінің бастамасымен «Кентау гуманитарлық техникалық колледжінің» (бұрынғы «Яссы» колледжі) құрылтайшысы ретінде орта кәсіби мамандар дайындайтын оқу орнын ашып, жастарға техникалық және кәсіптік білім беруге жағдай жасап келеді.

Қазір Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Кентау институтының директоры және «Білім технологиялары» кафедрасында доцент қызметін абыроймен атқаруда.

Рахмет Ү.Р. — педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, бүгінгі таңға алыс, жақын шетелдерде және отандық басылымдарда педагогика ғылымының өзекті мәселелері бойынша 70-ке тарта мақалалары және 1 монография, 2 оқу әдістемелік құралы баспадан жарық көрді. Оның ішінде 10-нан аса ғылыми мақала, Thomson Reuters, Scopus деректер базасында АҚШ, Египет, Жапония, Австрия, Туркия елдерінің басылымдарында жарыққа шықты. Сонымен қатар 2 оқу-әдістемелік құрал, 1 монографиялық еңбектің авторы.

Еңбегі еленіп түрлі марапаттауларға да ие болды: Қазақстан Республикасы Нұр Отан партиясы төрағасы Н.Назарбаевтың алғыс хаты (2016), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (2018), облыс, қала және университет басшылығының марапаттаулары мен медальдары. Қазақстан Республикасыныңбілім беру ісінің Құрметті қызметкері (2019), Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен, облыс, қала және университет басшылығының марапаттаулары мен медальдары.

«Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы «Яссы» бастауыш партия ұйымының төрағасы. Жанұялы, 5 қыз, 2 ұлдың әкесі.